29.03.2022
29.03.22 ж.орыс мектептерінде қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдерінің әдістемелік ассоциация отырысы өтті. Қарастырылған мәселелер өзекті болды.
Тақырыбы: “3- сынып қазақ тілі бөлім бойынша жиынтық бағалау жинағы ”
1. 8-11 сыныптар арасында«Тіл дарын»аудандық байқауы;
2.Аудандық қашықтықтан өткен сайыстардың нәтижелері
3. III тоқсан қорытындысы
4.2022-2023 оқу жылында «Абайтану»пәні міндетті оқу жоспарына кіретіндіктен аудандық білім бөліміне ұсыныс хат жазу туралы.
Отырысты аудандық оқу бөлімінің тіл мамандарының әдіскері Козыбакова Аселя Мухтаровна ашып ақыл кеңестер берді.Оқулық туралы, оқу бағдарламасының меңгерілуі,әдістемелік көмек көрсету кезінднгі мәселелер, аудандық байқаулар жайлы қорытынды жасады. Жалпы елімізде тіл мәселесінде болып жатқан, өзгерістер жайлы ақпаратар берді.
Әдістемелік қауымдастық жетекшісі: Рымхан Назигул осы мәселелерді толықтырып, авторлық бағдарламалар жазу, публикатцияларға өз іс-тәжірибелерін жіберу,мемлекеттік тілдің мәртебесі осы сіздердің қолдарыңызда деп ,бірлесіп тіл мәселесін шешуге үлес қосуға шақырды.
Авторлық бағдарлама: “3- сынып қазақ тілі бөлім бойынша жиынтық бағалау жинағы ”
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Рымхан Назигулдің іс-тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар екі жылдың жүзінде бір-бірін көрмеген, жүзбе- жүз кездесіп, амандасып, сөйлесіп тамаша көңіл күйде болды.