29.03.2022
022 жылдың 29 наурызында білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, №2 жалпы білім беретін мектеп базасында "жаңартылған мазмұн аясында білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері"тақырыбында мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері мен мектепалды даярлық әдістемелік бірлестігінің аудандық отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде: "Лего - орта топта құрастыру" Байматова Махаббат Мұратқызы (№1 ЖББМ шағын-орталығының тәрбиешісі), "Бейнелеу әрекетінің дәстүрлі емес түрлері арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту" Қарауылбекова Ботагөз Серікқызы (№5 бөбекжайдың тәрбиешісі), "Ертегі терапиясы" Исабекова Сәуле Арыстанбекқызы (№4 ЖББМ шағын-орталығының тәрбиешісі), "Мектепке дейінгі балаларға арналған сурет салудың креативті әдістері" Макажанова Любовь Константиновна (№3 балабақша тәрбиешісі), "Полевой натютморт" лепкография технологиясы Базарова Зульпия Макитовна (тәрбиешісі ОШ С. А. Курманова), "Пластилинография мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту құралы ретінде" Шилова Татьяна Ивановна ("Арай" бөбекжайының тәрбиешісі), "Дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеуді дамыту" Кабдуллина Бағдат Бахтыгельдиновна (№1 бөбекжайының тәрбиешісі).
Мектепке дейінгі білім беру бойынша әдіскер И.Семенча педагогтердің уақытылы аттестаттаудан өту және курстық даярлықтан өту тәртібімен таныстырды. Қорытынды бойынша қатысушылар отырыс тақырыбының өзектілігі мен уақтылығын атап өтті , сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезінде практикалық қолдану үшін нұсқаулық-әдістемелік көмек алды.