30 наурызда Новосельский жалпы білім беретін мектебінде көктемгі демалысқа жоспарланған іс-шаралар аясында 3-4 сынып оқушыларымен «Қазақ халқының отбасылық әдет-ғұрыптары» ойын-викторинасы өткізілді. Қазақ халқының әдет - ғұрыптарымен, салт-дәстүрлерімен, ауызша халық шығармашылығымен танысу арқылы балалардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру - бұл викторина барысында сәтті орындалған іс-шараның негізгі мақсаттары. Оқушылар қазақ мақал-мәтелдерін , ертегілерін білу сайыстарына белсене қатысып, қазақ халқының «Бесікке салу» және «Тұсаукесер» отбасылық салттарын сахналап, өздерінің актерлік шеберліктерін көрсете білді. Іс-шара соңында оқушылар қазақ халқының басты қасиеті - қонақжайлылығын көрсетіп, викторина қатысушыларына алтын бауырсақтар мен хош иісті шай ұсынды.