Ақпан айының 23-24 аралығында Көкшетау қаласында Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» КММ ұйымдастыруымен музыка және өнер мектептері оқушылары мен жасөспірімдер арасында облыстық « Жас дарын» музыкалық байқауы өтті. Музыка мектебінен аталған байқауға домбыра аспабы бойынша орта буын тобында оқытушы Жакубаев Токсан Зекенұлының оқушысы Иманали Мухамеджан ( сүйемелдеушісі Баклан О.В.) өнер көрсетіп жүлделі 2-орынға ие болса, гитара аспабы бойынша оқытушы Шевченко Сергей Александровичтің оқушылары кіші буын тобында Данилин Тимофей 1-орын, ортаңғы буын тобында Забанов Филип 1- орын, Дылева Эвелина 2-орын, жоғарғы буын тобында Хадисов Мухаммед 1-орын, Фейзер Роман 2-орынмен жүлделі нәтиже көрсетті. Байқауға қатысқаны үшін Сертификатпен домбыра сыныбы оқушылары Каиржан Ильнара ( оқыт.Альпейсов Е.С.,конц.Батырова С.С.), Ергалиев Ердаулет ( оқыт.Амралинов Қ.Ж.,конц.Самохвалова Н.Ф.) Құттықтаймыз!