«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет

08.04.2022
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары.
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері: Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші арқылы, Мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметті алушы тарапынан төленетін төлемақы көлемі және Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған жағдайларда төлем жасау тәсілдері: Ақылы/Тегін. Балаларға қосымша білім бергені үшін ақы төлеу олардың ақылы негізде қосымша білім беретін ұйымдарға қабылдану фактісі бойынша жүргізіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үшін қажетті құжаттар тізбесі: Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
1) ата-анасының біреуінің (немесе басқа заңды тұлғаның) Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазылған өтініші;
2) баланы тұлғасын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ- 175/2020 бұйрығымен бекітілген 027/у нысаны бойынша медициналық анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және қосымша білім беру ұйымына қабылдау кезінде-қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі. Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз нұсқада алу үшін жүгінген кезде нәтиже қағаз нұсқада ресімделеді.
Просмотров: 575


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст