11.04.2022
2022 жылғы 9 сәуірде Түркістан қаласында география мұғалімдерінің «Географиялық білім берудегі заманауи көзқарастар мен тәсілдер» республикалық съезі өтті.
Жұмыс 4 секция бойынша өтті, онда бірқатар мәселелер талқыланды: географиялық білім беру мазмұны, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау, туристік-өлкетану жұмысын ұйымдастыру, ғылыми жобаларды дайындау, география мұғалімдерін даярлау.
Пленарлық отырыс барысында PhD докторы А.А.Жақыпов ҚР географиялық білім беру тұжырымдамасын ұсынды. Қазіргі мектепте географияны оқытудың жай-күйі, мәселелері мен перспективалары қарастырылды. Съезд қорытындысы бойынша қарар қабылданды.
Қазақстан географтары үшін аса маңызды іс-шараны ұйымдастырғаны және мектепте географиялық білім беруді жетілдіруге өз үлесін қосу мүмкіндігі үшін ҚР БҒМ, ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Ш.Т.Кариноваға, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ректорына Түркістан облысының білім басқармасы және Арыс қаласының білім бөліміне алғысымды білдіремін.
Ломакина С. С., Атбасар қ. №3 ЖББМ
география пәнінің мұғалімі,
Ақмола облысының делегациясында
Атбасар ауданының өкілі