«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әскери қызмет мәртебесін арттыру- мемлекеттік қауіпсіздіктің басымдығы ретінде Ашық, бұқаралық, көп жоспарлы және көпкүндік оқу қорғаныс-спорттық сабақтар ретіндегі Атбасар ауданының жалпыбілімберетін мектептерінің 10 сынып оқушылары арасындағы оқу-далалық жиын

14.06.2019

   Қарулы күштерді сарбаздармен, матростармен, матросами, сержанттармен және старшиналермен  сапалы  жиынтықтаудың басты шарты  Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке дайындау болғандықтан, әскери қызмет мәртебесін арттыру - еліміздің ұлттық  қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша  мемлекеттік саясаттың басымдық бағыттарынің бірі болуда. 

«Азаматтарды әскери қызметке дайындау, алғашқы әскери дайындықты ұйымдастыру және өткізу, сонымен қатар, алғашқы әскери дайындықтың оқу-материалдық базасын қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 374  қаулысымен бекітілген ережелерге, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген «Жалпы орта білім беру деңгейіндегі 10-11 сыныптарға арналған «Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша  үлгілік оқу бағдарламасына, Ақмола облысы білім басқармасының10 сынып оқушылары арасында оқу-далалық жиындар өткізу туралы 25. 04. 2019жылғы  №128 бұйрығына   сәйкес10 –шы сынып оқушылары арасында жыл сайын оқу-далалық   жиынөткізу жоспарланған.

2019 жылдың 10  -12 маусымы күндері  «Ишим»  ҚСКде Атбасар ауданының жалпыбілімберетін мектептерінің 10 сынып оқушылары  (ұлдар) арасында оқу-далалық   жиын өтті. Оқу-далалық жиынға ауданның 12 мектебінен  41 оқушы қатысты. Оқу-даалалық жиындардағы  өмір мен қызметтер қатаң түрде ҚР Қарулы Күштері Жарғысының талаптарына сәйкес ұйымдастырылды.   Екі оқу взводы қалыптастырылды.

Оқу-даалалық жиындардың мақсаты:

- жоғары  патриоттіқ сананы, өз Отанына сенімділік сезімдерін  қалыптастыру;

-оқушылардың алғашқы әскери дайындық бойынша білімдеру мен тәжірибелік біліктер деңгейін анықтау;

-жастарды ҚР ҚК қатарында қызмет етуге дайындау;

-оқушыларды өз Отандарына шынайы берілген рухта  тәрбиелеу,

-ҚР ҚК құрмет, әскери қызметке қызығушылық, офицер мамандығын алуға құлшыныс сезімдерін қалыптастыру.

 Оқу-даалалық жиындарды өткізу келесі кезеңдерден құралды:

1- саптық дайындық;

2 – тактикалық дайындық;

3 – оқ-атыс дайындығы; ( пневматикалық винтовкадан ату)

4 –ҚР ҚК Жарғысын зерделеу;

5 – вәскери  топография;

6 – жалпыфизикалық дайындық;

Жиын кезінде балалар негізгі бағдарламаға қосымша ретінде жаппай қырып-жоятын қарулар және одан қорғану, жеке қорғаныш заттарытуралы танысты, қарауыл қызметін атқарып, дневальный (тәуліктік кезекші) міндетін орындады

Үш күн бойы әскери өмірге бойлаған  әскер алдындағы жігіттер әскер- нағыз ер азаматтар үшін екеніне көздерін жеткізді. Бұл жерде әскери  қызмет түрлерін ғана үйреніп қоймай, тәртпіке, шыдамдылыққа,  өза ара көмек көрсету және қиын жағдайда өздігінен шешім табу дағдыларын игерді. Ұлдар Отан қорғау әр азаматтың құрметті қасиетті борышы екеніне көздерін жеткізді.

Оқу –далалық жиындардың  қорытындысы – ОДЖ жоспарланған шаралары толықтай орындалды. «Атбасар ауданының білім бөлімі» ММ оқу –далалық жиындарды жақсы дайындағаны үшін «Атбасар ауданының білім бөлімінің жанындағы «Ишим» ҚСК директоры   Козыбакова  Асель Мухтаровнаға, всему коллективу лагерьдің барлық ұжымына, асхананы жалға алушыларға және АӘД оқытушы-ұйымдастырушыларына алғыс білдіреді.

Просмотров: 3380


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст