Текст
2022 жылдың 22-23 сәуірінде Атбасар ауданының жас педагогтары – №5 ЖОББМ география мұғалімі Б.Матчанов және Новосельское а. ЖОББМ тарих мұғалімі Г. Енглисова Зеренді ауданында "Сұңқар" сауықтыру кешенінің базасында өткен «BILIMDI JASTAR» облыстық слетіне қатысты. Жас педагогтар үшін тренингтер, мастер – кластар, оқыту семинарлары, зияткерлік және спорттық ойындар ұйымдастырылды. Екінші күні білім басқармасының басшысы Б. Жүсіповтың қатысуымен «Педагогикалық шеберлік шыңына шығу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. №3 ЖОББМ география пәнінің мұғалімі С. Ломакина жас педагогтың кәсіби шеберлігін қалыптастыруда үздіксіз білім беру туралы мәселе көтерді.