26.04.2022
25 сәуірде Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Н.Г. Наймушина білім беру мекемелерінің басшыларымен 23 сәуірде ҚР Білім министрі А. К. Аймағамбетовтың білім басқармалары мен бөлімдерінің басшыларымен қаралған мәселелер бойынша ВКС өткізді: 1 сыныпқа қабылдау туралы, «Балаға лайық» республикалық акциясын өткізу туралы, Бала жылына арналған «Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» мектеп бітіру бойынша іс-шараларын өткізу туралы, мектеп формасы туралы, Жазғы мектепті ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, мамыр мерекелері бойынша, «Жеңіс лентасы» және «Жаужүрек полк» бойынша ұсынымдар берілді.
Сондай-ақ, келесі сұрақтар қарастырылды: ҚР БҒМ 2022 ж. 20.04. №159 «2021-2022 оқу жылының аяқталу және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығымен, Ақмола облысы білім басқармасының 2022ж. 22.04. №116 бұйрығымен, Білім бөлімінің 2022ж. 25.04. №207 бұйрығымен, педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау бойынша, үйде оқыту, аумақты абаттандыру бойынша /Наймушина Н.Г./; Мамыр мерекелерін өткізу туралы, қызметкерлерді ревакцинациялау және жасөспірімдерді вакцинациялау туралы /Атбасар ауданы әкімінің орынбасары К.О. Қуатбеков /, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 ж. 19.04. №20 қаулысымен танысу (Атбасар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бөлімінің басшысы О.А.Красилова).