Текст
26 сәуірде Атбасар қаласының №3 ЖББМ базасында Атбасар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Красилова О.А., білім бөлімінің бас маманы Абдрахманова Г.Т. және аудандық ата-аналар қауымдастығының төрайымы Садвакасова Б.М. қатысуымен ХАССП жүйесін еңгізу бойынша мектеп асханаларын жалға алушылар үшін семинар өткізілді. Сондай-ақ, азық-түлік өнімдерін дұрыс сақтау, бірыңғай мәзір, ауыз су режимі, өндірістік бақылау, ас блогының қызметкерлерін медициналық тексеру мәселелері қаралды.