28.04.2022
2022 жылдың 15-25 сәуір аралығында білім бөлімінің жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасында «Отаным – менің Қазақстаным» атты аудандық сурет байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – көркем шығармашылық саласындағы дарынды балаларды анықтау және қолдау, өскелең ұрпақты шығармашылыққа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, танымдық қызығушылықтарын ояту. Сурет байқауына аудан мектептерінің 0-11 сыныптарының 41 оқушысы қатысты. Байқауға ұсынылған суреттердің барлығы түпнұсқа болды, қатысушылар шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Белсенділік танытқан балалар білім бөлімінің сертификаттарымен марапатталды.
Құттықтаймыз!!!!