«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Асыл мұра» отбасылық байқауы

30.07.2019

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасында «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деп айтқан болатын.
2019 жылдың 30 шілдесі күні Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы, «Шаңырақ» әлеуметтік–психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қорымен бірлесе ұйымдастырумен, Атбасар ауданы әкімдігінің қолдауымен ауданда салт-дәстүрлерді дәріптеу  мақсатында отбасылар арасында «Сәлем беру», «Бата», «Шашу», «Күй тартыс», «Түре айтыс, «Қонақ кәде» өнерлік байқауы өтті.
Байқауға отбасы құндылығын дәріптеп, өз бақтарын сынауға Атбасар ауданынан Жақсыбаевтар отбасы, Әлпейсовтар отбасы, Жақсы ауданынан Нұржановтар отбасы белсенді қатысты.
Әділқазы құрамына Қазылар алқасының төрағасы болып «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қиықов М.Қ., Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінін төрағасы Қиықова З.Е., «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қорының директоры Закиров М.С., Атбасар ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат  бөлімінің басшысы Рахимов Н.Б.қатысты.
Байқау 4 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең - «Менің отбасым-менің бақытым! - театрландырылған көрініс, бейнеролик, слайд, көрнекі материалдарымен және өз отбасыларын таныстырып өтті. Екінші кезең - «Салт дәстүр асыл қазынам». Үшінші кезең - «Өнерлінің өрісі кең». Төртінші кезең - «Бақытты отбасы болуының сырлары». 
Қазылар алқасы отбасылардың біліміне, қазақ ұлтына тән парасаттылық, инабаттылық сынды және тапқырлығына, сахна мәдениеті мен сахналық киіміне, өнерлері мен шеберлігіне аса баса назар аударды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша байқау жеңімпаздары ұйымдастырушылар атынан бірінші орынға Атбасар ауданынан Жақсылықовтар отбасы, екінші орынға Әлпейсовтар отбасы, үшінші орынға Жақсы ауданынан Нұржановтар отбасы ие болып, олар диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Білім бөлімінің әдіскері К.Копеева

Просмотров: 453


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст