«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ
ГОСУДАРСТВЕННОГО УЧРЕЖДЕНИЯ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық білім бөлімі Кеңесінің отырысы

24.06.2022
2022 жылғы 23 маусымда Тельман ОМ Атбасар ауданының білім беру мекемелерінің басшыларымен, білім бөлімінің әдіскерлерімен және мамандарымен кеңес отырысы өтті.
АББ кеңесінің жұмысы басталар алдында білім бөлімінің басшысы Н.Наймушина, білім бөлімінің әдіскерлері мен мамандары, Атбасар ауданының білім беру ұйымдарының директорлар корпусы 2021 жылғы 6 шілдеде кенеттен қайтыс болған Тельман мектебінің директоры Е.Г. Прокофьеваны бір минут үнсіздікпен еске алды.
Күн тәртібінде " 2021-2022 оқу жылының аяқталуы туралы" (бас маман А.Т.Исасеитова), «Тәлімгерлердің жас мамандармен жұмыс нәтижелері туралы» (аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі Серкебаева З.Т.), «2022-2023 оқу жылының жылу беру маусымына дайындық барысы туралы» (әдіскер И.И.Кузнецов), «Жаңа 2022-2023 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру туралы» (бас маман А.Т.Исасеитова), «№3 ЖББМ, Есенгелді а.  ЖББМ, Сочинское а. ЖББМ экологиялық тәрбие шеңберінде іс-шараларды іске асыру туралы» (әдіскер К.К.Нурмаганбетова).
Пленарлық бөлімнің соңында қонақтар үшін мектеп ұжымымен "Угадай мелодию" викторинасы және табиғатта демалу ұйымдастырылды.
АББ кеңесін ұйымдастырғаны және өткізгені үшін Тельман ОМ директорына (Скороход Н.И.), сондай-ақ мектеп ұжымына Алғыс білдіреміз.
Просмотров: 144


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст