28.09.2022
2022 жылдың 27 қыркүйегінде жедел жәрдем станциясында «N2 жалпы білім беретін мектебі» КММ 11 сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру экскурсиясы ұйымдастырылды.
Жедел жәрдем дәрігерлері мектеп оқушыларына қоңырау түскеннен бастап, мамандандырылған көлікте бригаданың шығуына дейін жедел медициналық көмектің қалай көрсетілетінін айтып берді. Оқушылар диспетчерлік пунктте, сондай-ақ жедел жәрдемде болды. Оқушыларға жедел жәрдем шақыруларының жеделдігіне қарай түрлері (1-ден 4-ке дейін) таныстырылды. Сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін түсіндірді.
Бәлкім, бұл экскурсия оқушыларымызға болашақта өз мамандығын таңдауға көмектесетін шығар.