«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

Ақмола облысының дене шынықтыру және АӘТД мәселелеріне жауапты білім бөлімдері әдіскерлерінің облыстық семинар – кеңесі

06.10.2022

 2022 жылдың 27-28 қыркүйегі аралығында офлайн форматта Зеренді ауданы Зеренді ауылының  N2 орта мектеп базасында облыстық семинар – Ақмола облысыныың  білім бөлімдерінің  АӘТД және дене шынықтыру пәніне жауапты әдіскерлерінің кеңесі өтті.

Семинардың мақсаты:

- әскери-патриоттық бағыттағы бұқаралық спорттық іс-шаралар мен жарыстарды өткізудің нысандары мен әдістерін жетілдіру;

- жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық бойынша оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруды қалыптастыру;

 Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы туризм, АӘТД дене шынықтыру және орталығының директорының м.а.  Толуспаева Л.К. семинар – кеңеске қатысушыларды құттықтады.

Семинар-кеңес бағдарламасы аясында жиынға 3 қатысушының баяндамасы тыңдалды. Ақмола облысының білімбөлімдерінің жалпы білім беретін мектептерінде  2021-2022 оқу жылындағы «Ұлттық мектеп лигасын» аясында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзекті мәселелері, сондай-ақ спорттық іс-шаралар мен әскери-патриоттық бағыттағы жұмыстар баяндамалар мен талқылаулардың тақырыбы. Осы  семинарда Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Чарушин Д.Ю. 1-11 сыныптарда «Дене шынықтыру» пәнін оқытудың ерекшеліктері» тақырыбымен  баяндама жасады.

Просмотров: 1765


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

     

Ұйымдар тізімі
Текст