2022 жылғы 7 қазанда Атбасар қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектепте директорлардың оқу –тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған семинар өтті. Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды: «Күнделік» электронды журналдары мен күнделіктерінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде және ұлттық білім беру деректер базасында (ҰБДБ) /Д.Терешкина/ жұмыс туралы. Білім беру мекемелерінің педагогтерін аттестаттаудың және мектепті дамыту жоспарын құрудың қолданыстағы ережелері туралы. / З.Серкебаева/. Мектепішілік бақылауды және педагогтердің жүргізуі үшін міндетті құжаттарды жүргізу туралы. /А.Исасеитова/. Білім бөлімінің басшысы Н. Наймушина директорлардың оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының күнделікті жұмысында ерекше назар аударуды талап ететін мәселелерді айтты.