17.10.2022
Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 18 маусымдағы №6С-45-6 "Ақмола облысының ауылдық елді мекендерінде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтарға Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері" шешімінің негізінде Атбасар ауданының ауылдық педагогтері алғаш рет Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша әлеуметтік қолдау шараларын алды. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган - ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүргізді. Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін 502 педагог коммуналдық қызметтерге қаражат алды.
Ауыл педагогтары Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаевқа, Ақмола облыстық мәслихатына, Ақмола облысы білім басқармасына, облыстық білім беру қызметкерлерінің кәсіподағына, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне мұғалімді қолдағаны, кәсіби көзқарасы, отын сатып алу үшін қаржы қаражатын уақтылы төлегені үшін алғыс білдіреді.