Текст
2022 жылдың 14 қазанда "Ақмола дарыны" дарынды балалар мен жасөспірімдерді анықтау және қолдау жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының базасында балалар оқу байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқауға Асилбек Райана – № 8 ЖББМ 3 сынып оқушысы; Қайыржан Ильнара – №7 ЖББМ 5 сынып оқушысы; Нағашыбай Ботагөз – № ЖББМ 8 сынып оқушысы; Мархамет Нұржан – Мариновка а. №2 ЖББМ 10 сынып оқушысы қатысты. Байқаудың мақсаты: балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін тереңдетіп оқуға тарту. Қатысқаны үшін грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.