«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогикалық ұжымдармен кездесу

19.10.2022
 Білім бөлімінің жұмыс жоспары аясында жетекшісі Н. Наймушина және кәсіподақ филиалының төрайымы Р.Едрисова Самарка және Сергеевка ауылдарының жалпы білім беретін мектептерінің педагогикалық ұжымдарымен кездесулер өткізді.  Кездесу барысында "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізгі баптары, үздіксіз білім беру жүйесіндегі жеке тұлғаны Тәрбиелеудің тұжырымдамалық негіздері,"Педагог" кәсіби стандарты, оқушылардың қауіпсіздігі, оқушылардың жол қозғалысы ережелерін сақтауы, МЖБС орындау, білім беру сапасын арттыру, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарынан өту және аттестаттау мәселелері түсіндірілді. 
 20 қарашаға жоспарланған Қазақстан Республикасының  президенттігіне сайлау өткізу басты мәселелердің бірі болып табылады және еліміздің әрбір азаматы республиканы құрудағы өз рөлі мен маңыздылығын сезінуі тиіс.
 Мемлекет даму үшін барлық жағдай жасайды және жас мамандарға көтерме жәрдемақы мен жеңілдетілген кредит беру, ауылдық жерлерде қызметін жүзеге асыратын педагогтің отынын сатып алуға қаражат төлеу бойынша қолдау көрсетеді.  Ақмола облыс әкімінің көмегімен педагогтар коммуналдық қызметтер бойынша 15 АЕК көлемінде өтемақы түгел алды. Педагогтерді ауылдық жерлерге тартудың ынталандыруларының бірі "Дипломмен – ауылға" жобасы болып табылады
 Кездесулер ашық микрофон форматында өтті, онда қызметкерлер өздерін қызықтырған проблемалық сұрақтар қоя алды.
Просмотров: 165


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст