Текст
«Алтын бесік» бөбекжайының музыкалық жетекшісі - Гүлжан Аманқызы Құрақбаеваны «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты жыл сайынғы республикалық бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер конкурсының өңірлік кезеңінде 2 орын алғаны үшін құттықтаймыз. Конкурстың мақсаты - біріңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтардың ақпараттық- коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру болып табылады.