«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ
ГОСУДАРСТВЕННОГО УЧРЕЖДЕНИЯ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мамандықтар әлемі»

16.11.2022
16.11.2022 жылы Ақмола облысы Атбасар ауданы мектептерінің түлектерімен "Мамандарттар әлемі" кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті.
"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі" ММ кездесуінің бастамашысы ретінде Қазақстанның жоғары оқу орындары мен колледждері шақырылды.
Кездесу Zoom конференциясы арқылы өтті. Осы кәсіптік бағдарлау кездесуін өткізудің мақсаты-оқыту бейінін және болашақ кәсіптік қызмет саласын таңдау процесінде оқушыларға кәсіптік бағдарлау қолдауын көрсету.
Кездесу жұмысын бас маман Исасеитова Айнаш Төлеубекқызы модерациялады. Кездесуге Атбасар ауданы мектептерінің 9 және 11 сыныптарының 850 оқушысы қатысты.
Кездесу спикерлері: ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы Жазира Тоқтарқызы Сейтмағанбетова; ҚР ІІМ Барымбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Сасин Александр Геннадьевич; Атбасар қаласының аграрлық-индустриялық колледжі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Толкумбекова Татьяна Петровна.
Түлектерге осы оқу орындарына түсу бойынша материалдар ұсынылды. Түлектер мамандықтар мен түсу мүмкіндіктері бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.
Просмотров: 142


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст