«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Атбасар ауданы кәсіподақ кеңесі

23.11.2022
№3 жалпы білім беретін мектеп базасында Ақмола облысы кәсіподақ орталығының төрағасы Қ. Рахметовтың, Ақмола облысы білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Б. Әбдірахмановтың қатысуымен Атбасар ауданы білім қызметкерлері кәсіподағы төрағаларының кеңесі өтті. Кеңес басталар алдында қатысушылар Атбасар ауданының білім беру қызметкерлерінің мұражайына барды. Мұражай басшысы Н. В. Бывшев қатысушыларды ауданның білім беру жүйесін құру, дамыту және жетілдіру тарихымен таныстырды. "Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің №5 жалпы білім беретін мектебі" КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Вероника Викторовна Филонова кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау бөлігінде жұмысын ұсынды. №2 жалпы білім беретін мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымында демалу мен сауықтыруды ұйымдастыру туралы төраға Добрина Жанна Анатольевна айтып берді. №1 жалпы білім беретін мектептің төрағасы Махаббат Иманғалиқызы Жақыпова бастауыш кәсіподақ ұйымында кәсіподақ мүшелерін, педагогикалық еңбек ардагерлерін құрметтеу аспектісінде іс-шаралар ұсынды.
Ауылдық жерлерде қызметін жүзеге асыратын мұғалімдерді қолдау шаралары туралы Шуйское ауылының жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Наталья Андреевна Годованец ашты. №3 жалпы білім беретін мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Егель Евгения Викторовна кеңеске қатысушылармен «Еңбекті қорғау» іскерлік ойынын өткізді.
Кеңес соңында Ақмола облысының білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Б. Әбдірахманов облыста кәсіподақ қозғалысының дамуы туралы ақпаратты ұсынды, әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау және қызметкерлердің мүдделерін білдіру, қызметкерлердің барлық санаттарының лайықты жалақысын және қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, қызметкерлер мен олардың отбасыларының денсаулығын нығайтуға жәрдемдесу мәселелері толығырақ қарастырылды. Ақмола облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Қ.С. Рахметов бастауыш ұйымдардың кәсіподақ жетекшілеріне құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар табыс етті. Мектеп директоры З.Е. Қасеноваға және педагогикалық ұжымға кеңесті дайындағаны және ұйымдастырғаны үшін зор алғысымызды білдіреміз.
Просмотров: 1795


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст