2022 жылғы 23 қарашада Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінде Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептері арасында "Мектеп лигасы" бағдарламасында 9-11 сынып оқушылары арасында шахматтан облыстық жарыстардың жеңімпаздарына салтанатты құрмет көрсетілді. Атбасар ауданының командасына Атбасар қаласының №7 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы: Серкибаев Асылбек 11 Ә сынып оқушысы, Амантай Ерасыл 10 А сынып оқушысы, Бисаримов 9 Аклас оқушысы, Адамова Гүлмира 9 б сынып оқушысы қатысты.Оқушылармен кездесіп, Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Наймушина Наталья Георгиевна лайықты жеңісімен құттықтады. Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі оқушыларды жарысқа дайындағаны үшін мектеп әкімшілігіне, дене шынықтыру мұғалімі Нагашыбаев Нұрболат Ермұратұлына, қосымша білім беру педагогы Забанов Игорь Николаевичке алғыс білдіреді.