«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кеңесі АББ

25.11.2022

25.11.2022 жылы Атбасар қаласының №4 ЖББМ базасында РҚБ кеңесі өткізілді, оған аудан мектептерінің директорлары, балабақша меңгерушілері, қосымша білім беру директорлары, әдіскерлер мен білім беру бөлімінің мамандары қатысты. Ауданның білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілді дамыту ( А. Қозыбақова), үйде оқытылатын балаларды қамту және қызмет көрсету бойынша талдау (А. Әбитаева), аудан мектептерінде мектепішілік бақылауды енгізу (А. Исасеитова), үйірме қызметкерлердің міндеттеріне, лауазымдық нұсқаулықтарды жасауға (Д. Самаев), аттестаттауға міндетті педагогтерге кезекті және мерзімінен бұрын санат беру тәртібі (Г.Кашкенова). Отырыс жұмысына Атбасар ауданы мемлекеттік архивінің директоры Абай Багарұлы Ахметов, бас маман-Архевист Рауфа Ыдырысқызы Платонова, маман-архивист Асқар Мұсайұлы Сәдуақасов қатысып, жаңа тізім бойынша істер номенклатурасын жасаумен таныстырды. Сондай-ақ, ҰБТ -2023 (А.Исасеитова) жаңалықтары, "ПЕДАГОГ" кәсіби стандарты (З. Серкебаева), Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері (Қ. Нұрмағамбетова) мәселелері қаралды. Білім бөлімінің басшысы Н.Г. Наймушина 18.11.2022 ж. білім басқармасы өткізген кеңестің қорытындысы бойынша ақпаратты назарға жеткізді, аудан мектептерінде БСҰ жүргізген мониторингтің, №4 ЖББМ, №1 бастаудағы ЖББМ, Сочинское ауылы ЖББМ PISA зерттеуінің, аудан мектептерінің ұжымдарымен кездесулердің, көркемөнерпаздар байқауының және т. б. қорытындыларын шығарды. Атбасар ауданының білім бөлімі №4 ЖББМ директоры А.К. Ашкеноваға және педагогикалық ұжымға жылы қабылдау, мектеп, мұражай, №8 ППТК бойынша экскурсия (С. Г. Наймушина), мұғалімдер мен оқушылардың концерті үшін алғыс білдіреді.

Просмотров: 177


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст