30.11.2022
Кәсіподақтың электрондық құжат айналымына көшуіне байланысты Ақмола облысында цифрландыруды және кәсіподақтың электрондық құжат айналымын енгізу бойынша семинар-кеңес өтті.
Семинар жұмысына облыстық кәсіподақ төрағасы Б.Әбдірахманов, аудандық және қалалық кәсіподақ филиалдарының төрағалары, облыстық кәсіподақ аппаратының мамандары қатысты.
Дәріскерлер Нұрсейіт Тынбаев пен Алма Серікбаева теориялық негіздерді ұсынды және семинарға қатысушылармен жаңа платформа бойынша практикалық сабақтарды бекітті.
Семинарға қатысушылар сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.