«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық Қазақ тілі мұғалімдері қауымдастығының отырысы

05.01.2023
2023 жыл қаңтардың бесі күні орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің аудандық қауымдастық отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде қаралаған мәселелер:                                                                    
1. Қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс істеу ерекшеліктері.
2. Орыс  сыныптарындағы қазақ тілінде оқушылардың тілін дамыту отырып өз  ойларын жүйелі түрде жеткізе білуіне дағдыландыру.
3.Аттестацияның жаңа ережелері туралы ақпараттандыру.
Баяндама оқыған спикерлер өз іс-тәжірибелерін әріптестерімен бөлісті. Әр мұғалімнің өзіндік әдіс-тәсілдері жылдар бойы жиналған тәжірибесін таныстырды. Камисс Мейрамгүл мәтінмен жұмыстар жүргізудің әдіс –тәсілдері туралы бөлісті.
Исмагамбетова Асемгуль оқушылардың тілін дамыта отырып, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуі туралы айтты. Тиімді оқыту технологияларымен бөлісті.
Бір мәтіннің көлемінде 4 дағдыны қамти отырып, сабақтың оқу мақсатына жетуге жол көрсету керек. Тапсырмаларды орындау барысында сабақтың құрылымын сақтай отырып,сабақ өткізуге кеңес, ұсыныстар айтылды. Отырыста аттестацияның жаңа ережесімен таныстырылды. Жалпы ақпараттар берілді.Қалай дайындық жұмыстарын жүргіу керек, балл бойынша,өткізілетін уақытын айтты. Отырыс мәресіне жетті.
Просмотров: 181


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст