«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау – қадағалау жұмысының негізгі бағыты

17.01.2023
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады. 
Осыған байланысты, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.
Атбасар ауданы полиция бөлімінің қызметінде әкімшілік заңнаманы сақтау мәселесі бойынша талдау жүргізу барысында кәмелетке толмағандардың құқықтарын елеулі бұзу фактілері анықталды.
Әкімшілік заңнаманың талаптарына сәйкес, егер әкімшілік жауапкершілікке тартылатын тұлға кәмелетке толмаған болса, іс бойынша адвокат пен қорғаушының қатысуы міндетті.
Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған тұлғаларға қатысты әкімшілік іс жүргізу кезінде адвокаттың міндетті қатысуын қамтамасыз етпеді.
Прокурордың наразылығы бойынша Атбасар аудандық сотымен полиция қызметкерлерінің М.А.Е. қатысты заңсыз қаулысының күші жойылды.
Сонымен қатар, Ақмола облысы полиция департаментінің атына кәмелетке толмағандарға қатысты шығарылған барлық 20 қаулының күшін жою туралы мәселе қойылып, заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізілді.
Атбасар ауданының прокуратурасы
Просмотров: 211


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст