Текст
2023 жылғы 19 қаңтарда қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері "Жаңа мазмұн, жаңа мүмкіндіктер" атты облыстық онлайн – семинарға қатысты, оның мақсаты дарынды балалармен жұмыс істеу ерекшеліктерін түсіндіру болды. Ақмола облысының балалар музыкалық, көркемсурет мектептерінің, балалар жасөспірімдер орталықтарының, жас техниктер станцияларының педагогтері дарынды балалармен жұмыс тәжірибесімен бөлісті.