20.01.2023
Ақмола облысы білім басқармасының "Ақмола Дарыны "дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы" КММ жұмыс жоспарына және Атбасар ауданының білім бөлімінің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 2023 жылғы 20 қаңтарда Атбасар қ, №1 ОМ базасында қала мектептерінің 7-8 сынып оқушылары арасында ғылым негіздері бойынша аудандық Олимпиада өтті.
Олимпиаданы барынша академиялық адалдықпен өткізу үшін білім бөлімінің мамандары мен әдіскерлерінен тұратын аудандық комиссия анықталды.
Олимпиадаға 123 оқушы қатысты. 7-сыныптың 60 оқушысы (16 оқушы қазақ тілінде және 77 оқушы орыс тілінде білім алушылар) және 8-сыныптың 63 оқушысы (18 оқушы қазақ тілінде және 45 оқушы орыс тілінде білім алушылар).
Олимпиадаға келесі пәнінен таңдалған бір пән бойынша білімдерін көрсетті: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі Қазақ тілі, Орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі Орыс тілі, Тарих (Қазақстан тарихы, Дүниежүзілік тарих), Ағылшын тілі, Математика, Физика, Биология, География, Химия және Информатика.
Олимпиаданың салтанатты ашылуында қатысушыларды білім бөлімінің басшысы Н.Г.Наймушина, аудандық ата-аналар қауымдастығының төрағасы Б. М. Садвокасова құттықтап, олимпиаданың өтуіне сәттілік тіледі.
№1 ОМ ұжымына және мектеп директоры Л.Г. Бековаға олимпиаданы ұйымдастыруға және өткізуге көмектескені үшін алғыс айтамыз.
Исасеитова А.Т.