03.02.2023
2023 жылғы 06-10 ақпан аралығында ауданның білім беру мекемелерінде
«Мұңаюға себеп жоқ» тақырыбы бойынша психология апталығы өтеді.
Бір апта ішінде оқушылармен: «Бүгін мектепке қандай көңіл-күймен келдің?»,
сурет байқаулары, акциялар, ойын – сауық сабақтары, тренингтер, «Позитив-бұл
керемет!», «Өмірді қызықты етіңіз» өнер шеберханасы және тағы басқалар.
Психология апталығының мақсаты: оқушыларды позитивті ойлауға баулу,
психологиялық жайлылық атмосферасын құру, міндеттер қойылған: өзара құрмет
пен сенімге тәрбиелеу, оқушылардың жеке өмірлік құндылықтар жүйесін дамыту
және түсіну.