Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Кеңесінің кеңейтілген отырысы аясында №1 жалпы білім беретін мектеп базасында көрме ұйымдастырылды. №3 жалпы білім беретін мектептің кәсіподақ ұйымы (мектеп директоры З.Е. Касенова, кәсіподақ жетекшісі Е.В. Егель) кәсіподақ жетістіктерінің көрмесін дайындады. Көрме материалы кәсіподақ қызметін оң қабылдауды қамтамасыз етеді, кең педагогикалық жұртшылықтың кәсіподақтың әрбір мүшесінің жасампаз еңбегі туралы түсінігін кеңейтті.
Түрлі кәсіподақ конкурстарының сертификаттары, салалық және облыстық кәсіподақтың алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары, "Халық бюджеті" республикалық жобасын іске асыру, Фитнес-залды ашу - бастауыш кәсіподақтың үздік жетістіктері. Мұның бәрі мұғалім мамандығының маңыздылығын көрсетеді, асыл еңбекке, қызметкерлердің мүдделерін қорғау үшін кепілдендірілген жағдайлармен лайықты жұмыс істеуге ынталандырады.