«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әлемді өлеңмен жырлаймыз

09.02.2023
Ақпанның 8-і күні Атбасар қаласы мен Атбасар ауданы мектептерінің 6,7,8 сынып оқушылары арасында көрнекті жазушысы, жерлесіміз І.Есенберлиннің туғанына 108 жыл толуына арналған «Әлемді өлеңмен жырлаймыз» атты аудандық оқырмандар байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – оқырман ретінде көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін дамыту; шешендік өнерді дамыту; балалардың отандық әдебиетіне қызығушылығын арттыру; патриоттық сезімді тәрбиелеу; жаңа дарынды балаларды анықтау.
Сайысқа 29 оқушы қатысты. Байқау барысында қатысушылар І.Есенберлиннің поэтикалық шығармаларын жеке-жеке жатқа орындады. Оқырмандардың өнерлері музыкалық және бейне сүйемелдеумен орындалды.
Байқау басталмас бұрын І.Есенберлиннің әдеби музейінің меңгерушісі У.Д.Комбатурова, «Атбасар аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ю. А. Михель құттықтау сөз сөйледі, сонымен қатар «Қазына» домбыра үйірмесіне баратын балалар, жетекшісі Г.С. Даирова, І.Есенберлиннің «Домбыра» әнін орындады.
Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде – Нұрболат Мақпал, Бастау а. №2 ЖББМ 8 сынып оқушысы
1 орын – Щербак Сергей, Атбасар қ. №1 ЖББМ 8 сынып оқушысы;
- Вонсович Агата, Атбасар қ. №2 ЖББМ 8 сынып оқушысы.
2 орын – Сайдалинова Адина, Атбасар қ. №5 ЖББМ, 7 сынып оқушысы.
- Болатбекова Айдана, Сергеевка а. ЖББМ 6 сынып оқушысы.
- Наурызбай Аружан, Бастау а. №2 ЖББМ 6 сынып оқушысы.
3 орын – Тажбенова Іңкәр, Атбасар қ. №2 ЖББМ 6 сынып оқушысы.
- Қадірхан Нұрасыл, Мариновка а. №2 ЖББМ 6 сынып оқушысы .
- Хаблан Аружан, Бастау а. №2 ЖББМ 4 сынып оқушысы.
- Хомяков Вадим, Садовое а. ЖББМ 8 сынып оқушысы.
Қалған сайыскерлер қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.
Осы аталған іс – шараның қонақтары және көрермендері балалардың көрметкен өнеріне риза болып жақсы әсер алды.
Просмотров: 155


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст