«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Футзалдан ашық турнир

14.02.2023
Ағымдағы жылдың 10 ақпанында Мариновка ауылының №2 ЖОББ мектебіңде дене шынықтыру мұғалімі Бейсембаев Еркін Ғабиденұлын еске алу үшін футзалдан ашық турнир өтті. Ол біздің ауданда танымал мұғалім болды, оның тәрбиеленушілері түрлі деңгейдегі жарыстарда табысты өнер көрсетті. Еркін Ғабиденұлын шәкірттері мен әріптестері Мариновка ауылында бірнеше рет осындай жарыстарды өткізді. Өзінің әріптесі мен досын еске алуға арналған турнирлерді өткізудің алғашқы ұйымдастырушыларының бірі құрметті ардагер-мұғалім Истемесов Серік Ғазизұлы болып табылады.
Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Мұнда Атбасар ауданының үздік командалары мен Астрхан ауданынан келген қонақтарымыз жиналды.
Барлығы 8 команда қатысты: Мариновка ауылының № 1 ЖОББМ және №2 ЖОББМ, Колутон а. ЖОББМ, Бастау а. ЖОББМ, Новосельский а. ЖОББМ, Атбасар қ. № 3 ЖОББМ, №7 ЖОББМ және №8 ЖОББМ.
Жеребе бойынша командалар екі топқа бөлінді. Оқушылар қызықты да тартысты ойын көрсетті, нәтижесінде финалдық кезеңге төрт команда шықты: Мариновка а. №2 ЖОББМ, Колутон а. ЖОББМ, Атбасар қ. №7 ЖОББМ және №3 ЖОББМ.
Нәтижесінде бұл турнирдің чемпионы Атбасар қ. №3 ЖОББМ, екінші орында Атбасар қ. №7 ЖОББМ және үшінші орында Астрахан ауданынан Колутон а. ЖОББМ болды.
Жеңімпаз командаларға грамоталар мен турнир кубоктары, медалдар, ал турнирге қатысушыларға белсенділік танытқан үшін жеке грамоталар тапсырылды. Турнирдің үздік ойыншылары марапатталды, "Үздік шабуылшы" номинациясы бойынша Атбасар қ. №3 ЖОББМ оқушысы Асеков Бекжан, "Үздік қорғаушы" Молдағайсин Алмансур Колутон а. ЖОББМ, "Үздік кіші ойыншы" Наухан Ерасыл Атбасар қ. №7 ЖОББМ, "Үздік қақпашы" Жексенбай Нұрберген Мариновка а. №2 ЖОББМ танылды.
Осы турнирдің бас демеушісі Мариновка қазақ орта мектебінің түлегі Әділ Шайкеновке, сондай-ақ техникалық персоналға, асхана қызметкерлеріне жарысқа жақсы қызмет көрсеткені үшін және қолдан келгенше көмек көрсеткен барлық мектеп мұғалімдеріне үлкен алғысымды білдіремін. Менің ойымша, барлық қатысушылар мен команда өкілдері риза болды.
Турнир соңында спортшыларға спорттық сайыстарда жеңіс биігінен көрініп, жаңа дәстүрлі кездесулерде, женісті күндерде жолыққанша
деген тілекпен жоғарғы көңіл күйде тарастық.
Мариновка а. №2 ЖОББ мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Амренов Ж.А.
 
 
Просмотров: 156


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст