Құрметті әріптестер, педагогтер, педагогтік еңбек ардагерлері және біздің оқушыларымыздың ата-аналары! Ғасырлар тұңғиығынан қайта жаңғырған Наурыз — көктемнің келуі мен өмірдің жаңару белгісі, мейірім мен достықтың, сенімнің,
бейбітшілік пен сүйіспеншіліктің нышаны, баршамыздың Ұлы күніміз,мерейлі мерекеміз. Бұл мейрамның сонау ықлым заманнан бері келе жатқан ерекше, әрі маңызды сипаты-кешірімді лік,мейірімділік. Сондықтан, көктемгі күн мен түн теңескен шақта барлық өкпені кешіріп, ойдың ашық,ниеттің ақ болуы шарт. Айналадағы адамдармен арқа-жарқа табысып, барша жұртқа шаттық, мейірім,бақыт тілеу абзал.
Еліміздегі экономикалық тұрақтылық пен қоғамның қай саласын болмасын дамытуға ықпал ететін халықтың еңбексүйгіштігі мен өзара түсіністігі арқасында рухани жаңғыру мейрамын, қайта оралған, ата- бабамыздың мұрасы - салт -дәстүрімізді ерекше жақсы көреміз, құрмет тұтамыз. Сіздерді келе жатқан көктемгі жаңару мен рухани келісім мейрамы - Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Облысымыздың әрбір отбасына құт-береке әкелсін, әрбір тұрғынға бақыт, игілік және
оптимизм сыйласын. Атқарылған ізгі ортақ істердің жетістіктері жеңістерге жетелеп шаттыққа,
қуанышқа бөлесін.
Ұлыс оң болсын!