«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қоғамдық бақылау

18.04.2023
Қоғамдық бақылау еңбек заңнамасын сақтау, Ұжымдық шарт пен келісім талаптарын орындау мақсатында жүргізіледі. Новосельское селосының және Полтавка селосының жалпы білім беретін мектебінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша көрнекі материалдарды қарау мақсатында бару өткізілді. Мектепте еңбекті қорғау бойынша көрнекі ақпарат бар, барлық қызметкерлердің еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалған, мұғалімдер бөлмесі, техникалық персоналдың демалыс бөлмесі бар. Ұйымдардың басшыларында 2021-2023 жылдарға арналған ұжымдық шарттар бар, әрбір қызметкермен еңбек шарты жасалды, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар, еңбек кітапшалары бар. Оқу орындарында ішкі еңбек тәртібінің ережелері сипатталған, сабақ кестесі бекітілген.
Еңбек тәртібін орындау бойынша әңгіме өткізілді. "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде әрбір педагог қызметтік және қызметтік емес уақытта Педагогикалық әдеп қағидаттарын сақтауға, педагогтің жоғары атағының беделін түсіруге қабілетті іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге, еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға, қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермеуге, киімдегі іскерлік стильді ұстануға, академиялық адалдықты сақтауға тиіс.
 
Просмотров: 511


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст