04.05.2023
1992 жылы 7 мамырда Ұлттық Қарулы Күштерді құру туралы Жарлыққа қол қойылды. Өткен жылы Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, осы уақыт ішінде армия Тәуелсіздігіміздің және мемлекеттігіміздің мызғымас тірегіне айналды, заманауи қару-жарақпен және ең жаңа техникамен жабдықталған жауынгерлік әзір армия құрылды. Күшті әскери рух, әскери қызметшілердің отансүйгіштігі, қарулы күштердің барлық бөлімшелері сарбаздары мен офицерлерінің тамаша жауынгерлік дайындығы еліміздің жоғары қорғаныс қабілетінің негізін құрайды. Қазақстан бүкіл әлемде айтарлықтай экономикалық және гуманитарлық мүмкіндіктері, сондай-ақ, елеулі әскери әлеуеті бар бейбітшілікті сүйетін және жауапты мемлекет ретінде танылды. 2012 жылдан бастап Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мемлекеттік мереке мәртебесін алды. Бұл күні дәстүр бойынша Қарулы Күштер ардагерлері мен еліміздің егемендігі мен ұлттық мүддесінің күзетінде тұрған барлық әскери қызметкерлерге құрмет көрсетіледі. Әскерде қызмет еткен немесе өтеп жүрген, әскери атағы бар және Отан қорғау жолында қажырлы еңбек еткен ерлер мен әйелдерді шын жүректен құттықтаймыз. Азаматтық ерлер үшін - әскерге қатысы жоқ, бұл күн - ерлер күні, ерлер күні - кез келген адам, ол әскери қызметте болса да, бейбіт кәсіппен айналысса да, ең алдымен қорғаушы. Ал әркім өз еңбегімен туған жеріне игілігінің өсіп, еселенуіне өз үлесін қосуда. Еліміздің түкпір-түкпірінде көптеген айтулы шаралар мен мерекелер өтеді. Атбасар қаласының аумағында жас сарбаздар қызмет ететін әскери бөлім бар. Жыл сайын білім бөлімі, директорлық корпус Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні қарсаңында «Жауынгер қорғаушыға» атты қайырымдылық акциясын өткізеді. Акцияның негізгі мәні – әскерге шақырылғаннан кейін облысымыздағы әскери бөлімге қызметке аттанған сарбаздар отбасы жылуын сезінуіне себін тигізіп, қолдау көрсетуде. Осылайша, бір жылдан кейін елге оралған әскери қызметшілердің әрқайсысы өзі қызмет еткен қала туралы жылы лебіздерін, тамаша естеліктерін айта алады. Білім басқармасының басшысы Наймушина Наталья Георгиевна сарбаздарды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтап, Қазақстан әскері еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығының тірегі екенін атап өтті. Сарбаздар өздерінің мінсіз қызметтерімен мемлекет жоғары бағалайтын өскелең ұрпаққа отансүйгіштіктің үлгісін көрсетіп, бүгінгі ержүрек Отан қорғаушыларға шексіз бақыт, зор денсаулық, бақ-береке, Жерімізде тыныштық тіледі. No5 мектептің оқушылары музыкалық сәлемдеме дайындады, ұстаздар Айдан Есімсейітов пен Айша Мағрифаттың дуэті «Ән сал, сарбаз» әнін орындады, 3-сынып оқушысы Ксения Гляделова соғыс туралы «Аю» өлеңін мәнерлеп оқыды. «Бейбіт күн телегі» музыкалық нөмірі көрермендерге ұнады. Жауынгер-қорғаушылар «Гармония» вокалдық тобының «Балаларға Жеңіс туралы айт» әнін шырқаған солист Ахметбеков Айтуғанға ерекше қошамет көрсетіп, қол соқты. 5-сынып оқушылары орындаған «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» , «Гармония» вокалдық тобының орындауындағы (музыка жетекшісі Исиченко Г.В.) «Не уроните шарик- это наш дом!» әні тартымды болды. әні тартымды болды. Мерекелік концерттің соңында 6-сынып оқушысы Ахметбеков Айтуған мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Алтынай Таскунбаеваның дуэті «Туған жер» әнін орындап, көпшілік қошеметіне бөленді. №5 мектеп директоры Кизкенова Ғазиза Әнуарбекқызы барша директорлық корпус атынан сөз сөйлеп, Отанға қызмет ету – тәулік бойы қырағалықы таныту, тынымсыз болу дегенді білдіретінін атап өтті, бүгінгі сарбаздарға халық алдындағы борышын лайықты атқару үшін бар күш-жігерін, қажет болса өмірді беруге дайын болғандары, қажырлы еңбектері үшін шын жүректен алғысын білдірді.