«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жеңіс саябағында фашистік әскерлермен болған Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті

10.05.2023
2023 жылғы 9 мамырда Жеңіс саябағында фашистік әскерлермен болған Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Атбасар аудандық білім бөлімінің басшысы Наймушина Н.Г. педагогикалық еңбек ардагері С.Д. Басмановпен бірге Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырлардың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Атбасар ауданының әкімі А.А. Калжанов, облыстық мәслихаттың төрағасы Н.Б.Рахимов, Атбасар ауданы бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Н.Мұсабеков құттықтау сөз сөйлеп, қаза тапқан ардагерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Мұнан соң мерекелік концерт өтті. Ұлы Отан соғысының екі ардагері - Петр Иванович Бирюков пен Василий Афанасьевич Вигулярный Атбасар ауданында тұрады. Қазақстанда бұл мерекенің маңызы зор, өйткені бұл дата Отанды, халықты жаудан қорғаудың нышаны, естен кетпес ерліктің белгісі. Қаншама қазақстандықтар ерлік пен батырлық көрсетіп, Отан қорғау жолында қаза тапты. 9 мамыр қарсаңында Қазақстанның барлық білім және мәдениет мекемелерінде соғыс қаһармандарын еске алуға арналған көптеген мерекелік шаралар өтті. Жаңа ұрпақ өз тарихын ұмытпау үшін ел үкіметі ардагерлермен кездесулер мен сұхбаттар ұйымдастырып келеді.
 
Просмотров: 478


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст