«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көз жасымен келген қуаныш»

11.05.2023
2023 жылғы 9 мамырда Атбасар қаласының Жеңіс саябағында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына арналған салтанатты мереке өтті. Бұл шараны « Жеңіс бағасы »театрландырылған қойылымын дайындаған аудандық мәдениет үйінің «Актёрлік шеберлік» үйірмесінің балалары ашты, жетекшісі Кравченко Данил Сергеевич. Қазақ тілінде №8 мектептің оқушылары (мұғалімі Қазымбек Индира) баяндады. «Жеңіс мерекесі» деп аталған бірінші бөлімде өнерпаздар керемет,жарқын өнер көрсетті, «Жоқтау» айдарындағы екінші бөлім барлық жиналған адамдардың, мереке қонақтарының көзіне еріксіз жас үйірді, ал "Жеңіс бағасы" деген үшінші бөлім жұртшылықтың қызу қолдауына ие болып, дуылдаған қошамет тапты. Бұнда жер бетінде жаңа бейбітшілік пен еркіндік орнағанын сипатталды және де әр адамның жүрегіне қуаныш пен шаттық ұялатты. Бұл қойылым өскелең ұрпақ өз тарихын ұмытпасын деген мақсатпен дайындалды. Жалпы, соғыс туралы біз аға ұрпақтың әңгімелерінен естіп, фильмдерді қарап, тарихи кітаптарды оқу арқылы білеміз, бірақ бұл сұмдық оқиғалар миллиондаған адамдар үшін шындық болғаны анық. Соғыс халыққа қасірет - қайғы әкелді, елін қорғаған миллиондаған жауынгерлер мен бейбіт тұрғындар қаза тапты. Осыны келер ұрпақ естен шығармауы керек. Қазақстан Республикасында 2021жылдың екінші жартысында іске қосылған «Арт спорт» (директоры Клименко С.Н.) бағдарламасы бойынша үйірмеге қаланың №1,2,3,7,8 орта мектептерінің, Новосельск а. жалпы білім беретін мектебінің және Аграрлық-индустриалды колледжінің оқушылары қатысады. Оның арқасында республика бойынша 4 пен 17 жас аралығындағы балалар спортпен және шығармашылықпен тегін айналысуға мүмкіндік алды.
Просмотров: 461


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст