«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ең әсерлі де, ұмытылмас мереке - 1 маусым күні түлектер үшін– Соңғы қоңырау соғылды

05.06.2023
Ең әсерлі де, ұмытылмас мереке - 1 маусым күні түлектер үшін– Соңғы қоңырау соғылды. Олардың оқу жылдарында соғылған қоңыраулар саны үш жарым мыңға жетеді екен....соғылған қоңыраулар бірі-біріне ұқсамайтын әрқайсысы өзінше ерекше... біреулері бірінші сабаққа шақырса, екіншісі үзілісте соғылса, емтихан кезінде мүлдем орынсыз қоңыраулар да соғылып, енді бірі оқу жылының аяқталғанын паш етті. Шынына келсек... оқу күні, тоқсан, жыл басында «қош келдіңіз», жыл соңында т.с.с. теңдесі жоқ қоңыраулар болды... Олар ешқашан бітпейтін сияқты еді! Бірақ, дәл қазір соңғы қоңыраудың уақыты келді. Құрметті қонақтардың алдында Атбасар ауданының әкімі А.А.Қалжанов, Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Наймушина Н.Г., педагогикалық еңбек ардагері Манякова Г.И., ата-аналар қауымдастығының төрайымы Попова Н.В. құттықтау сөздерін жолдап, игі тілектерін білдірді. Баласының ер жетіп, кемелденгенін көріп қуанған ата-аналардың толқуларымен қатар қимастық сезімдері де байқалады. Балаларының ертеңіне үмітпен қарап, қуаныштан жүздері бал-бұл жанып тұр. Ал оқушылар болса өздері үшін қимас, әрі қуанышты сәт – таңғажайып білім ордасымен, мектеп әлемімен қоштасуға барынша дайындықпен, жауапкершілікпен келгенін көрсетуде. Алда әлі емтихандар мен мектеп бітіру кештері күтіп тұрса да ... дәл қазір балалар осыдан 11 жыл бұрынғыдай ұстаздарына алғыс білдіру, мектептегі балалық шақпен қош айтысу үшін гүл шоқтарымен бірге сахнаға шықты! Соңғы қоңырау мерекесі оқушылар үшін туған мектебінде сүйікті ұстаздарымен бірге өткізген жылдардағы жарқын, ерекше, қуанышты естелік болып қала бермек.
Просмотров: 596


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст