2023 жылғы 8 маусымда Атбасар қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебінде "Сенімен болашақ" РҚБ Ақмола облыстық филиалының директоры Айгүл Қайратқызы Нұрмағанбетованың ата-аналар қауымымен кездесуі өтті. Іс – шараға Ақмола облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Асаинова Асем Әнуарбекқызы, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның хатшысы Майрамова Дана Қорғанбекқызы, Атбасар ауданының білім бөлімінің басшысы Наймушина Наталья Георгиевна, ата – аналар қауымдастығының төрағасы Садвокасова Баян Мыңжасарқызы қатысты. Кездесу барысында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу тақырыбында тренинг өткізілді, "Сенімен болашақ" республикалық қоғамдық бірлестігі мен "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі"ММ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.