Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасы негізінде Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2023 жылғы 17-21 шілде күні Атбасар ауданы мектебтерде мониторинг жүргізді. Мониторинг аясында аудандағы 32 орта білім беру ұйымының жаңа оқу жылының басталуына дайындығы зерттелуде. Бұл мониторингті Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» қызметкерлері Жалмұханова Жаңылсын Өтегенқызы мен Есжанова Гүлнар Дәуітқызы жүргізді. Мониторинг барысында мектеп бойынша интернет, күрделі және ағымдағы жөндеу, қауіпсіздік (бейнебақылау, лицензияланған күзет, турникет, дабыл түймесі), жылы санитарлық тораптар (әжетханалар), спорт залдары, асханалар, пәндік кабинеттер (химия, биология, физика), робототехника кабинеттері сияқты мәселелер қамтылды.