2023 жылғы 25 тамызда «Bolashaq saraiy» Ақмола облысында педагог қызметкерлердің тамыз конференциясының республикалық пленарлық сессиясы өтті. Сессия жұмысын ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы телекөпір арқылы ашты. Модератор ретінде Ақмола облысының әкімі Маржықпаев Ермек Боранбайұлы сөз сөйледі, сессия жұмысына аудандар мен қалалардың әкімдері, білім бөлімдері мен әдістемелік кабинеттердің басшылары, кәсіподақ төрағалары қатысты. Қазақстан Республикасы оқу -ағарту министрлігі орта білім комитеті төрағасының орынбасары Дулат Шайкенұлы Жекебаев «Идеялар бірлестігі -жарқын болашақты құрудың негізі» атты негізгі баяндамасымен сөз сөйледі. «Қазақстан халқына» Қоғамдық Қоры іске асыратын білім беру саласындағы жобалар мен бағдарламалар туралы - Оразғалиев Бауыржан Ерғазыұлы, «Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру, мәдениет және спорт саласындағы бағдарламалар мен жобаларды басқару орталығының аға менеджері; «Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау. Ағымдағы мәселелер және жаңа реттеу» - Рахимжанова Марал Тілеулесқызы, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-гигиеналық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары. «Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру идеологиясын енгізу» - Сыздықов Бауыржан Мәдиұлы, генерал-майор, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аппараты басшысының м. а.; «Орнықты даму мүддесінде білім беру: Қазақстанда мұғалімдер қолданатын стратегиялар» -Тұяқова Динара Абайқызы, Алматы қаласы ЮНЕСКО бюросының білім беру жөніндегі сарапшысы; «Дарынды балаларды тәрбиелеу - Қазақстан Республикасы Зияткерлік мектептерде жазғы мектепті ұйымдастыру практикасы» - Жұмабекова Шынар Салкенқызы, Көкшетау қаласының НЗМ директоры; «Оқу-сауықтыру орталықтарында патриоттық тәрбие беру, балалардың құқықтық, қаржылық сауаттылығын қалыптастыру» - Молданбаев Серік Еркінұлы, Алматы облысының «Арман-Дала» орталығының директоры.