Текст
2023 жылдың 15-17 қазан аралығында Сандықтау ауданы, Сандықтау ауылының «Жас дәурен» базасында 9–10 сынып оқушылары арасында «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылар республикалық зияткерлік байқауының облыстық кезеңі өтті. Оған аудандық кезеңнің жеңімпаздары: Атбасар қаласының № 6 мектебінің 9 сынып оқушысы Асан Медина, Атбасар қаласының № 8 мектебінің 9 сынып оқушысы Дауылбай Медина, Атбасар қаласының № 8 мектебінің 9 сынып оқушысы Бекасыл Иффатбанугүл белсенді қатысты. Байқаудың мақсаты: туған өлкенің тарихына қызығатын талантты және дарынды оқушыларды анықтау, өскелең ұрпақтың бойында азаматтық белсенділіктерін арттыру және патриоттық сезімдерін дамыту.