2023 жылдың қыркүйегінде «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Шуйское селосының жалпы білім беретін мектебі» КММ педагог-психологы Димке Алина Александровна «Үздік педагог» республикалық конкурсына қатысты, бұл конкурс Қазақстан Республикасында дарынды педагог қызметкерлерді анықтауға бағытталған. Байқау санаттар бойынша өтті: педагогикалық портфолио және педагог – психолог қол жеткізген жетістіктер. Байқау қорытындысы бойынша Алина Александровна "Білім беру ісінің үздігі" төсбелгісімен және Алматы қаласының "Білім_kz" республикалық білім беру орталығының бірінші дәрежелі дипломымен марапатталды. Білім беру орталығы "Шуйское ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ директоры Татьяна Ивановна Садвокасоваға дарынды педагогтарды қолдағаны үшін алғысын білдірді.