Текст
Білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 8 қарашасында бөлім күні өтті. Мақсаты-оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда, білім беру ұйымының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді орындауда әдістемелік көмек көрсету. Бас мамандар мен әдіскерлер келесі материалдарды зерделеді: мектептегі әдістемелік жұмыс, біліктілікті арттыру курстарынан өту, психологиялық қызмет жұмысы, мектепішілік бақылау жоспарын орындау, мемлекеттік қызмет көрсету, кадрлық жұмыс, кітапханашы мен әлеуметтік педагогтың жұмысы, электрондық журнал жүргізу, сабақтарға қатысты. Сондай-ақ, мектептің ресми сайтының толтырылуы, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру ережелерінің сақталуы талданған.