31.12.2023
Аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін әкім шыршасы
Жаңа жыл-әр үйде, әр отбасында күтілетін ең сүйікті, мейірімді, ертегі мерекесі. Бірақ ешкім біздің балалар сияқты жаңа жылдық ғажайыпты, сиқырлы өзгерістерді және шытырман оқиғаларды шынымен күтпейді. 27 желтоқсанда «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласындағы №3 жалпы білім беретін мектебі» КММ-ң базасында Атбасар ауданы әкімінің атынан аз қамтылған 30 балаға арналған жаңа жылдық шырша өтті .Балалар мерекені күткенде талғампаз, көңілді қойылымға келді. Және олардың үміттері ақталды. Жаңа жылдық қойылымға қатысқан оқушылар өздерінің барлық шығармашылық шеберліктерін, әртістіктерін, ынта-жігерін және ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете отырып, өздерін жақсы әртістер ретінде көрсетті. Балалар мерекелік шытырман оқиғалы атмосфераға еніп, қызықты байқауларға қатыса алды. Аяз Ата мен Ақшақар келгенде мереке шыршаның айналасында билермен басталды. Жаңа жылдық қойылым кезінде мереке, сиқыр атмосферасы болды. Мереке қонақтары Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қ.Ө. Қуатбеков, Атбасар ауданы мәслихатының төрағасы Н.Б.Рахимов, білім бөлімінің басшысы Н.Г. Наймушина, ата-аналар комитетінің төрағасы Б. М. Садвакасова балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, зор денсаулық пен оқуда табыс тіледі. Мереке соңында аудан әкімінің атынан жаңа жылдық шыршаға қатысушыларға жаңа жылдық сыйлықтар – кулек және ойыншық табысталды. Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №3 жалпы білім беретін мектебі» КММ-не жаңа жылдық мерекені ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғыс білдіреді.