Текст
Атбасар ауданының мектепке дейінгі балалар ұйымдарында 2024 жылғы 22-26 шілде аралығында қауіпсіздік мәселелері бойынша жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстарда төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, пластикалық терезелер мен қорғаныс механизмдерін орнататын фирмалардың өкілдері сөз сөйледі.