«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының инклюзивті және арнайы білім беру педагогтарының тамыз кеңесі.

19.08.2024

Көкшетау қаласының №4 жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылғы 15 тамызда Ақмола облысының инклюзивті және арнайы білім беру педагогтарының Тамыз кеңесі өтті. 
«Цифрландыру жағдайында инклюзивті және арнайы білім беру» тақырыбы бойынша тақырыптық алаңның жұмысында Атбасар ауданынан білім бөлімінің әдіскері О.С.Мотузкова, Атбасар қаласының №4 тірек ЖББМ директорының м.а., педагог-психолог А.А.Садуакасова қатысты. 
Кеңесте білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы М.Ш.Коспанова құттықтау сөз сөйледі. 
Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы, саяси  ғылымдарының кандидаты М.У.Ибраев аудандық (қалалық) деңгейде инклюзивті практиканы енгізу жөніндегі ресурстық орталықты айқындау жөнінде әдістемелік ұсынымдарын ұсынды. Келесі мәселелер қаралды: «Білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі  бар балаларды оқыту мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық құжаттардағы өзгерістер туралы» - М.А.Дударева; «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі  бар балаларды оқыту кезінде цифрлық білім беру технологияларын пайдалану түрлері мен әдістері» - С. Д. Ибраева, Көкшетау қаласындағы №19 ЖББМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
 «Арнайы және жалпы білім беретін мектептер жағдайында ЕББҚ бар балаларды (адамдарды) оқытуда үздік цифрлық тәжірибелерді тарату» - Р.А.Мұқанова, Көкшетау қ. № 1 АМИ дефектолог-мұғалімі, PhD докторы;
«Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің үздік педагогы» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша қызметтің үздік тәжірибесінің тұсаукесері – А.П.Батракова, Целиноград ауданы Ақмол ауылының №11 ППТК логопед-мұғалімі; «Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыста цифрлық құралдарды пайдалану бойынша бірыңғай тәсілдер мен ұсынымдар әзірлеу" және басқа да бірқатар жұмыс мәселелері. 
Кеңес соңында спикерлер қарау және талқылау үшін секция жұмысының ұсынымдарының жобасын ұсынды, сұрақтар-жауаптар қаралды және жалпы фото түсірілді.

 

Просмотров: 609


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст