27.09.2024
26 қыркүйекте Қарағанды қаласында «Мөлдір» бөбекжайында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған «Тәрбиелеу мен оқытудың заманауи нысандары мен әдістері: ізденістер мен шешімдер» өңірлік семинары өтті, оған "Еркежан" бөбекжайының әдіскері Серикпаева А.Д. және тәрбиеші Аканова С.Ш. қатысты. Семинардың мақсаты: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыруда құзыреттілік орталықтардың озық іс-тәжірибелерін тарату.
Іс-шара облыстық білім басқармаларының оқу-әдістемелік орталықтары мен кабинеттерінің әдіскерлерінің, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылардың, әдіскерлердің, тәрбиешілерінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Күннің бірінші жартысында:
- Құзыреттілік орталығы: «Тең мүмкіндіктер кеңістігі» (инклюзивті және түзету білімі);
- «Ұлттық құндылықтар-бала тәрбиесінің қайнар көзі»;
- «Мектепке дейінгі білім беруде цифрлық технологияларды қолданудағы үздік тәжірибелердің тұсаукесері»;
- «Мектепке дейінгі ұйымдарда ойынды қолдау орталығын ұйымдастыру» тәжірибелік алаңдарға бөлінген секция жұмысы өтті. Секция жұмысында педагогтер мектепке дейінгі білім беру саласындағы озық тәжірибелерін талқылауға және бөлісуге мүмкіндік алды.