«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңда баланың өз ата-аналарынан және отбасының басқа да мүшелерінен заңда белгіленген тәртіппен және мөлшерде күтіп-бағу қаражатын алуға құқығы бар екендігі бекітілген. Балаға алименттер, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемдер ретінде тиесілі сомалар ата-аналардың (оларды алмастыратын адамдардың) қарамағына түседі және олар баланы күтіп-бағуға, оған білім беруге және оны тәрбиелеуге жұмсалады.
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға міндетті.
Кәмелетке толмағандардың материалдық күтіміне құқықтарын қорғау мақсатында заң шығарушы алименттерді төлемегені үшін ата-ананың қылмыстық жауапкершілігін белгіледі.
Қылмыстық кодекстің 139-бабында ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды, сол сияқты он сегіз жасқа толған еңбекке қабілетсіз балаларды күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамағаны үшін жауаптылық көзделеді. Осы баптың санкциясы екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолдану қарастырылған.
Қылмыстың қоғамдық қауіптілігі мынада, балалар заң бойынша көмек көрсетуге міндетті адамдар тарапынан материалдық қолдаусыз, қамқорлықсыз қалады. Қылмыстың объектісі - балалардың денсаулығы мен қалыпты дамуы, бұл олардың лайықты жағдайда өсуіне және дамуына мүмкіндік береді. Сот шешімі бойынша ата-анасынан қаражат алуға құқығы бар кәмелетке толмағандар, сондай-ақ сот шешімі бойынша ата-аналары қаражат төлеуге міндетті он сегіз жасқа толған еңбекке жарамсыз балалар жәбірленуші бола алады.
Қаралып отырған қылмыс ұзаққа созылады, ол заңда көрсетілген әрекеттер жасалған сәттен бастап аяқталды деп саналады және алимент төлеуден жалтаруды тоқтататын әрекет жасалғанға дейін аяқталған қылмыс сатысында жалғасады. ҚК-нің 139-бабы бойынша жауаптылық соттың заңды күшіне енген шешімі немесе судьяның баланы күтіп-бағуға қаражат өндіріп алу туралы қаулысы болған кезде ғана мүмкін болады.
Қылмыстың субъектісі болып тек ата-аналар мен асырап алушылар бола алады.
Айта кету керек, кінәлі адам ҚК-нің 139-бабы бойынша алимент төлеуге нақты мүмкіндігі бола тұрып, бірақ оларды төлеуден жалтарған жағдайда ғана жауап береді. Бұл қылмыстың субъективті жағы тікелей ниетпен және жанама пиғылмен сипатталады.
Бұрын осы санаттағы істер жеке айыптау тәртібімен қозғалған. Яғни, баланы күтіп – бағуға алимент алуға құқығы бар адам, екінші ата-ана ол -анасы, жеке айыптау шағымымен сотқа жүгініп, сотта сотталушының кінәсін дәлелдеуі керек еді. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа қылмыстық заңның енгізілуімен осы санаттағы істер жеке-жариялы айыптау істеріне жатқызылды, олар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ішкі істер органдары жүзеге асырады.
Айта кету керек, қылмыстың қоғамдық қауіптілігі - балалар материалдық көмексіз, заң бойынша көмек көрсетуге міндетті адамдар тарапынан қамқорлықсыз қалады. Ата-ана көрсететін материалдық көмек балалардың денсаулығы мен қалыпты дамуының кепілі екенін түсіну қажет.
Ақмола облысының
кәмелетке толмағандардың істері
жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының судьясы Жарылғасов Б.Д.